САН ТҮРЛІ САЛТ-ДӘСТҮР - ҚАЗАҚТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ / РАЗНЫЕ ТРАДИЦИИ - ГЛАВНАЯ ЦЕННОСТЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА! » Школа №49 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » САН ТҮРЛІ САЛТ-ДӘСТҮР - ҚАЗАҚТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ / РАЗНЫЕ ТРАДИЦИИ - ГЛАВНАЯ ЦЕННОСТЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА!
09
наурыз
2023

САН ТҮРЛІ САЛТ-ДӘСТҮР - ҚАЗАҚТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ / РАЗНЫЕ ТРАДИЦИИ - ГЛАВНАЯ ЦЕННОСТЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА!

Мектеп əкімшілігі бекіткен "ағымдағы жылдың 6-сы мен 16-шы наурыз" аралығына жоспарланған Қазақ тілі мен əдебиеті пəні онкүндігіне байланысты 9.03.2023 ж. күні сағат 12:30-да "Рухани Жаңғыру" кабинетінде дресскот-ұлттық киім киіп келу арқылы САН ТҮРЛІ САЛТ-ДƏСТҮР - ҚАЗАҚТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ атты мектеп мұғалімдері арасында қазақи салт-дəстүрлерден құралған сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды!
Жауапты оқытушылар: қазақ тілі пəнінің мұғалімдері Ынтымаққызы Жұлдыз, Жомартова Айсұлу.
Мақсаты: ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізден мағлұмат беріп, сұрақ-жауап арқылы аз-кем ақпаратпен бөлісіп, ұлттық ойынымызды дәріптеу.
Іс-шара барысында тақырыпқа лайықты көрнекіліктер жасалып, бас кезінде ғұрпымыз бойынша ең әуелі ұстаздар бір-бірімен "Көрісіп", жиын сәтті өтсін деп ұстаздар арасынан жасы үлкен апай "Ақ Батасын" беріп, қазақи салт-дәстүрлеріміздің барысы жөнінде мәліметтер айтылып, САНДАР СӨЙЛЕЙДІ атты сұрақ-жауап викторинасы қойылып, "сергіту сәті" ретінде қазақтың ұлттық ойыны бір жерде "Алты асық", ал бір аймақтарда "Қаржу", өзге өңірлерде "Шекемтас" деп аталатын керемет көңілді ойын ойнатылды. Викторина мен ойынға белсене атсалысқан қатысушыларға жеке-жеке бағалы сый-сияпаттар табысталды.
Басқосу соңында қатысушылар арасынан ризашылығын білдіру ниетімен "Қонақкәде" жасалып, алынған сыйлықтар үшін "Сүйінші" сұралып, "Көрімдік" те берілді.
Ұйымдастырушылар өз діттеген мақсаттарына жете алды деп ойлаймыз! Оны іс-шара барысында айтылған алғыстар мен ризашылықтардан байқауымызға болады! Жауапты оқытушылардың жұмыстарына рахмет айта отырып, болашақта еңбекте табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз!


В рамках  декады учителей казахского языка под руководством учителей казахского языка Айсулу Жомартовны и Ынтымакқызы Жулдыз было проведено внеклассное мероприятие под названием "РАЗНЫЕ ТРАДИЦИИ - ГЛАВНАЯ ЦЕННОСТЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА!". В этом мероприятии приняли участия учителя школы.