Дорога в школу » Школа №49 г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №49"
Управления образования города Алматы
Приемная :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
Версия для
слабовидящих
02
сентябрь
2020

Дорога в школу

Мектепке барар жол. Елімізде және тек қана біздің мемлекетте емес бүкіл жер шарында болып жатқан короновирус індетіне (COVID-19) байланысты елімізде төтенше жағдай жариялана отырып, көптеген жұмыс орындары, білім беру ошақтары да уақытша жабылды. Бұл дегеніміз біршама халық өзінің күнделікті табыс көзін тоқтатуға мәжбүр болды. Әрине мемлекетімізде отбасы жағдайы төмен, алып жүрген жалақылары аз отбасылар, көпбалалы отбасылар, мүгедек баланы асырап отырған отбасылар, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар бар. Осындай қиын кезеңде «жанашырлыққа-жан риза» дегендей, барша халық біріге отырып қиындықты бірге жеңуге болады.
Бұл күрделі уақытта біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсете алатынымызды түсінуіміз керек. Сонымен қатар Президентіміз де халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға назар аударды, бұл өте маңызды.
Алматы қаласы Түрксіб ауданының №49 жалпы білім беретін мектептің сынып жетекшілері әлеуметтік аз қамтылған оқушылардың тізімін дайындап, мектеп ұжымының қолдауымен 3 оқушыға 73мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оның ішінде, 20 мың теңге ақшалай көмек ретінде, 8 мың теңгеге киім-кешек сатып алынды, 34 мың теңгеге - азық-түлік және 11 мың теңгеге оқуға қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Осылайша дүние жүзінде болып жатқан пандемия барысында «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарғанымыз дұрыс. Қарапайымдылық-көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандарға) білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Тек көп болып біріксек қана бұл індетті де жеңеміз. Сөз жүзінде ғана емес іс жүзінде де көмек көрсете білейік Алдағы уақытта барша халыққа тілеріміз тек сабыр мен шыдамдылық. Елімізде көмек қолын соза білетін жандарымыз көп болып тұрғанда, бізге ештеңе кедергі болмайды. Бәріміз қолымыздан келгенше көмек көрсете білейік,шетте қалып қоймайық!!!