Әр үйге психикалық денсаулық! » Школа №49 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әр үйге психикалық денсаулық!
08
қазан
2020

Әр үйге психикалық денсаулық!

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай біз тегін психологиялық көмек марафонын ұйымдастырамыз.

10 қазанда (сенбі) сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Facebook-тегі @rspckz және @UNICEFKazakhstan парақшаларында психиатрия және психология мамандықтары бойынша біліктілігі жоғары санаттағы дәрігерлермен тікелей эфир өткізілетін болады. Тәжірибелік психологтар, психиатрлар, наркологтар және педагог-психологтар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

Онлайн-марафонға қатысу тегін 🙌🏼

Сіз эфир кезінде тек біздің парақшамызға кіріп, өзіңіздің сұрақтарыңызды қойып, сарапшылардан қажетті ақпаратты алсаңыз болды 😊

Сондай-ақ, сіз өзіңіздің сұрақтарыңызды осы посттың астында комментарийлерде жазып немесе бізге kaz-media@unicef.org жазсаңыз болады. Біз міндетті түрде оларға тікелей эфирде жауабымызды беерміз.