«Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас » Школа №49 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас
26
қараша
2021

«Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас


Қарашаның 12 күні әлеуметтік педагог Сәрсенбі Ә.М. 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында түсіндірме жұмысын өткізді.
Мақсаты:
1.Оқушыларды қоғамдық тәртіп негіздерімен таныстыру
2.Оқушыларды қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білуге, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
3.Қоғамдық орындарда орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу.Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып ,құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен ,түрлерімен таныстыру.
Қоғамдық тәртіп негіздері жайлы түсіндірілді, видеолар көрсетілді ,сұрақ-жауап болды.

«Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас














Қоғамдық тәртіп - Азаматтың қадір-қасиеті мен басқа құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі.
Оқушыларға қоғамдық тәртіп туралы ақпараттар беріліп, мысалдар келтірді. Оқушылар өздері қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда қандай жазалар қолданылады ,сонымен қатар қылмыстың түрлерімен танысып соған байланысты сұрақтарға жақсы жауап берді.



















Қорытынды: Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр.
Мектепте ұйымдастырылған пікірталас алаңы жоғары деңгейде өтті. Оқушылар қоғамдық тәртіп негіздерімен танысты. Оқушыларды қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білуге, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуге үлкен септігін тигізу мақсатында ұйымдастырылғын пікірталас алаңы оқушылардың ынтасын арттырды. Сонымен қатар балалар өздеріне болашақта қажет болуы міндетті заңдарды естеріне сақтап алды. Қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда қандай жазалар қолданылады т.б. көптеген мәліметтер айтылды.