«Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының 1 жарты жылдықтағы атқарған жоспар бойынша іс-шаралар есебі » Школа №49 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының 1 жарты жылдықтағы атқарған жоспар бойынша іс-шаралар есебі
31
желтоқсан
2021

«Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының 1 жарты жылдықтағы атқарған жоспар бойынша іс-шаралар есебі

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша 6-11 сынып оқушылары арасынан қыркүйек айында 145 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Қыркүйек айында
-2021-2022 оқу жылына арналған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспары құрылды;
- «Адал ұрпақ» еріктілер клубының бұйрығы жасалды;
- «Адал ұрпақ» еріктілер клубының бұрышы құрылды;
- «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы туралы ереже жасалды;
- Бекітілген барлық құжаттар және атқарылған жұмыстар мектеп сайтына жарияланды;
- «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының мүшелерімен «Адалдық сағаты» сынып сағаты өткізілді.
- «Права и обязанности учащихся» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары және «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының мүшелерімен дөңгелек стол өткізілді. Оқушылар «Құқық дегеніміз не?» Мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі тақырыптары бойынша бір-біріне сұрақ-жауап арқылы пікір алмасып, талқылады.

«Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының 1 жарты жылдықтағы атқарған жоспар бойынша іс-шаралар есебі









Қазан айына «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары бойынша
-сынып сағаты «Мектепбіміз жемқорлыққа қарсы!»;
-эссе конкурсы «Мен жемқорлық туралы не білемін!»;
-дөңгелек стол «Біздің таңдауымыз – құқықты мемлекет»
№49 жалпы білім беретін мектепте «Мектебіміз жемқорлыққа қарсы» тақырыбында барлық сыныптар сынып сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты:
Оқушыларға жемқорлықтың не екендігін түсіндіре отырып, жомқорлықтың шығу себептерін талқылау. Елімізде жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қабылданып жатқандығын, жастар жемқорлықпен күресу үшін не істей алатындығы туралы сұрақтары мен ой-пікірлерін жеткізу.
Осы мақсатты назарға ала отырып, сынып сағаттары өтті










Эссе конкурсы- «Мен жемқорлық туралы не білемін!». Эссе жазуға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар жемқорлықтың адам өміріне қауіпі мен қазіргі таңда жемқорлықты қалай жеңуге болатындығын атап көрсеткен. Жазылған эсселердің ішінен төмендегі оқушыларға орындар беріліп, марапатталды:
1 орын: Азизова Дильназ, 8 «А» сынып
1 орын: Камал Шахназ Камалқызы, 8 «А» сынып
2 орын: Лезина Анастасия Михайловна, 8 «А» сынып











8 «Ә» сыныбымен аға тәлімгер Абилгазиева Нурила Аскаровна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утегенова Д.М. ұйымдастыруымен «Біздің таңдауымыз – құқықты мемлекет» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызғадеген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, пікір таластыру арқылы тақырыпты ашты. Оқушылар топқа бөліп: «Жемқорлық», «Адалдық» сөздерінің мағынасын ашты, ойын арқылы оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарын қорғады.








Жасалынған жұмыстар №49 ЖББМ инстаграм және мектеп сайтына жарияланды.
19 қазан күні қалалық мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау онлайн түрде өтті. Қаланың барлық мектебінен клуб жетекшілері қатысты. 








Қараша айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары бойынша:
-Оқушылармен «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас өткізілді
Қарашаның 12 күні барлық сынып жетекші сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында түсіндірме жұмысын өткізді.
Мақсаты:
1.Оқушыларды қоғамдық тәртіп негіздерімен таныстыру
2.Оқушыларды қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білуге, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
3.Қоғамдық орындарда орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру.
Қоғамдық тәртіп негіздері жайлы түсіндірілді, видеолар көрсетілді ,сұрақ-жауап болды.












Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында 15 желтоқсан күні «Адал ұрпақ» еріктілер клубының қатарына №49 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қабылданды. Аталған салтанатты жиын офлайн форматта өтті. Түрксіб ауданы бойынша 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау және басқада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізілуде. Ауданымызда сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы жасалынып жатқан жұмыстарға жіті мән беріледі. Жиынға мұғалімдер, ата-аналар қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хисамеддинова Ж.Т. «Адал ұрпақ еріктілер клубына» жаңадан қабылданған оқушыларға клуб белгісі көк шарфты тақты.
Қабылданатын оқушылар Адал ұрпақ еріктілер клубының құрамына өтудің жауапкершілігінің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының құрамына 135 оқушы қабылданды.
Мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хисамиддинова Ж.Т «Адал ұрпақ еріктілер клубы» қатарына қабылданған оқушыларды құттықтап, тілегін білдірді.
Қабылданушылар патриот болуға,
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге,
Білімге құштар болуға,
Абройлы, адал, әділетті болуға,
Отанына шексіз қызмет етуге өз үлестерін қосатындығын айтып, ант берді











Қорытынды
2021-2022 оқу жылындағы 1 жарты жылдық бойынша «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының барлық бұйырық, жоспарлары жасалып мектеп сайтына жарияланды. Дебат клубының мүшелерімен ұйымдастырылған дөңгелек стол жақсы деңгейде өтті. Алдағы уақытта осындай дөңгелек столдар ұйымдастырылатын болады. Осындай іс-шаралардан оқушылардың сөйлеу мәдениеті, ойлау қабілеті артады. «Адал ұрпақ» мүшелері кез-келген іс-шараға белсене қатысып, оқушылардың қызығушылығын арттыра білді. Барлық атқарылған іс-шаралар мектеп сайтында, инстаграм парақшасында жарияланып отырды.
Қыркүйек айында
-2021-2022 оқу жылына арналған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспары құрылды;
- «Адал ұрпақ» еріктілер клубының бұйрығы жасалды;
- «Адал ұрпақ» еріктілер клубының бұрышы құрылды;
- «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы туралы ереже жасалды;
- Бекітілген барлық құжаттар және атқарылған жұмыстар мектеп сайтына жарияланды;
- «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының мүшелерімен «Адалдық сағаты» сынып сағаты өткізілді.
- «Права и обязанности учащихся» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары және «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының мүшелерімен дөңгелек стол өткізілді. Оқушылар «Құқық дегеніміз не?» Мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі тақырыптары бойынша бір-біріне сұрақ-жауап арқылы пікір алмасып, талқылады.
Қазан айына «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары бойынша
-сынып сағаты «Мектепбіміз жемқорлыққа қарсы!»;
-эссе конкурсы «Мен жемқорлық туралы не білемін!»;
-дөңгелек стол «Біздің таңдауымыз – құқықты мемлекет»
Қараша айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары бойынша:
-Оқушылармен «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында 15 желтоқсан күні «Адал ұрпақ» еріктілер клубының қатарына №49 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қабылданды.
Барлық атқарылған іс-шаралар мектеп сайтында, инстаграм парақшасында жарияланып отырды.
Ұсыныс:
1.Келесі жарты жылдықта «Саналы ұрпақ» мүшелерімен бірлесіп кездесулер ұйымдастыру.
2.Дебат клубымен дөңгелек столдар өткізу
3.Жасөспірімдердің отбасымен келіспеушілік түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.