"Кел, балалар, оқылық" білім күні құтты болсын! » Школа №49 г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
"«Общеобразовательная школа №49» "
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » "Кел, балалар, оқылық" білім күні құтты болсын!
01
сентябрь
2022

"Кел, балалар, оқылық" білім күні құтты болсын!

Құрметті мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар!

Сіздерді 1 сентябрь – жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Бұл - ерекше эмоцияларды тудыратын мереке, өйткені бәріміз де оқушы болдық және осы күні ұмытылмас мектеп жылдарын еске аламыз. Бұл - бүкіл ұрпақты біріктіретін мереке.

Бұл күн, әсіресе бірінші сынып оқушылары, олардың аналары мен әкелері, ата-әжелері үшін көңіл толқытар сәттің бірі болады. Олар алғашқы әліппелерін қолына алып, білім әлеміне қадам басады.

Балаларға табысты оқу жылы мен зор денсаулық, жаңа білімге, жеңістер мен жаңалықтар ашуға күш-жігер тілеймін!

Баршаңызға Білім күні құтты болсын!
#bilim_quni