Инклюзивті білім беру: Алматыдағы білім ордасы мерейтойын атап өтті
Биыл Алматыдағы № 49 жалпы білім беретін мектептің құрылғанына 65 жыл. Айтулы мерейтой қарсаңында білім ордасының қызметкерлері оқушылар мен ардагер ұстаздарды қонаққа шақырып, мектептің тыныс-тіршілігін көрсетіп, жеткен жетістіктерін саралады, Іс-шарада талантты жастар күйден шашу шашып өнерін паш етті. Сондай-ақ келген көпшілік жақында ғана жөндеуден өткен химия кабинетін аралап шықты. Ал 2011 жылдан бері инклюзивті білім беру бағдарламасы енгізілген білім ордасында бүгінде 1500-ге жуық