«БІРТҰТАС ЕЛ» тақырыбында мерекелік іс-шара/ Праздничное мероприятие «БІРТҰТАС ЕЛ» » Школа №49 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
Department of Education of Almaty region
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
Version for
visually impaired
» » «БІРТҰТАС ЕЛ» тақырыбында мерекелік іс-шара/ Праздничное мероприятие «БІРТҰТАС ЕЛ»
01
мамыр
2024

«БІРТҰТАС ЕЛ» тақырыбында мерекелік іс-шара/ Праздничное мероприятие «БІРТҰТАС ЕЛ»

2024 жылғы 1 мамыр « Қазақстан халықтарының бірлігі күні» аясында Алматы қаласы Түрксіб ауданының «Football Land» стадионында «БІРТҰТАС ЕЛ» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара халық бірлігін нығайтып, татулығын дәріптеп, Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымағын сақтауды көздеді.

Іс-шараға Түрксіб ауданының 28 мектебінің оқушылары белсене қатысып, жастардың өз жеріне, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетіне, әдет-ғұрпына, тіліне деген сый-құрмет білдірді. Мерекелік іс-шараны № 83 гимназиясының «Шабыт» қазақ халық аспаптар оркестрі, қобызшылар мен домбырашылар ансамблі және фольклорлық ансамблі ашты. "Көкек", «Балдаурен», «Ұлдар» хор ұжымдары кәсіби деңгейде «Атамекен», «Армысың туған жер» әндерін орындады. Сонымен қатар "Аспан" хореографиялық ансамблі би көріністерін көрсетті.

Түрксіб ауданының 28 мектебінің оқушыларының қатысуымен «БІРТҰТАС ЕЛ» сөзі құралып, бір шаңырақ астындағы тату тұратын ұлт екеніміз дәлелдеді.

Қатысушылар: Түрксіб ауданы білім бөлімінің басшысы Жанна Кадылханқызы Жылкишина және мектеп басшылары мен оқушылары