«Жас Ұлан» мен "Жас Қыран" балалар және жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі » Школа №49 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Ұлан» мен "Жас Қыран" балалар және жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі
08
желтоқсан
2023

«Жас Ұлан» мен "Жас Қыран" балалар және жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі

 08 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған №49 жалпы білім беретін мектепте «Жас Ұлан» мен "Жас Қыран" балалар және жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі  өтті.
Ұйымның мақсаты:
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ұйымның міндеттері:
Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру.
"Жас Қыран" ұйымына 4 сыныптардан үздік және белсенді 40 оқушы, сонымен қатар  «Жас Ұлан» ұйымына  8 сыныптардан үздік 25 оқушы қабылданды. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Әнұранмымен ашылды. Жиынға  сынып жетекшілер, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі және мектеп директорының оқу мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.   Ұйымының қатарына қабылданған оқушылар бұл ұйымның мақсаты мен міндеттерімен танысып, ұйымның үлкен жауапкершілік екендігін сезінді.
Ұйымға қабылданушылар өз Отанының патриоты болуға, ұйымның ережелерін бұлжытпай орындауға ант беріп, ұйымның әнұранын шырқады. Жетекшісі: аға тәлемгер-Қайыпбек Гулзат Қайратқызы