Әскери-спорттық ойынында "Жас Ұлан" командасы » Школа №49 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әскери-спорттық ойынында "Жас Ұлан" командасы
25
наурыз
2022

Әскери-спорттық ойынында "Жас Ұлан" командасы

№1 Оқушылар үйінде 17.03.-18.03.2022 ж. қалалық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойыны болып өтті. Байқау 8 кезеңнен тұрды. 1. Саптық байқау, 2.Ұлы Отан соғысы кезіндегі «Ұрпақтар ізімен...» сахыналанған әндер байқау-сайысы, 3. Белтемірде тартылу, 4. «Арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру», 6.Жауынгерлік парақ, 7. «Әскери техника – өз қолыңмен» сәндік-қолданбалы өнер байқау кезеңдері қашықтық форматта өткізілген болатын. Ал байқауымыздың 5- кезеңі «Тарихи, іздену зерттеу жобасын қорғау: «Соғыс жаңғырығы!» және «Тарихи мұра» -тақырыбы бойынша, сонымен қатар 8-кезең «Алғашқы медициналық көмек көрсету» квиз – викторина ZOOM платформасы арқылы өтті. Әскери-спорттық ойынының қорытындысы бойынша қатысушы топтар төмендегідей ретпен орындарға ие болды:
Командалық есепте
I ОРЫН - Түріксіб ауданы №49 ЖББМ «Жас Ұлан» тобы
II ОРЫН - Алмалы ауданы №134 лицей «Подвиг» тобы
III ОРЫН - Наурызбай ауданы №192 ЖББМ «Жас қыран» тобы

«Саптық байқау» номинациясы
I ОРЫН - Түріксіб ауданы №49 ЖББМ «Жас Ұлан» тобы
II ОРЫН - Жетісу ауданы №143 МЛ «Жас қанат» тобы
III ОРЫН - Алатау ауданы №152 мектеп-гимназия «Бүркіт» тобы

«Белтемірде тартылу» номинациясы
I ОРЫН - Түріксіб ауданы №49 ЖББМ «Жас Ұлан» тобы
II ОРЫН - Наурызбай ауданы №192 ЖББМ «Жас қыран» тобы
III ОРЫН - Әуезов ауданы №6 мектеп- гимнзия «Қыран» тобы

«Арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру» номинациясы
I ОРЫН - Алмалы ауданы №134 лицей «Подвиг» тобы
II ОРЫН - Әуезов ауданы №6 мектеп- гимнзия «Қыран» тобы
III ОРЫН - Түріксіб ауданы №49 ЖББМ «Жас Ұлан» тобы

«Тарихи, іздену зерттеу жобасын қорғау» номинациясы
I ОРЫН – Наурызбай ауданы №192 ЖББМ «Жас қыран» тобы
II ОРЫН - Алатау ауданы №152 мектеп-гимназия «Бүркіт» тобы
III ОРЫН - Түріксіб ауданы №49 ЖББМ «Жас Ұлан» тобы

«Әскери техника – өз қолыңмен» номинациясы
I ОРЫН – Жетісу ауданы №143 МЛ «Жас қанат» тобы
II ОРЫН - Бостандық ауданы №10 ЖББМ, №21 гимназия, №38 КРГ, №51мектеп-гимназия, №105 гимназия «Найза» тобы
III ОРЫН - Түріксіб ауданы №49 ЖББМ «Жас Ұлан» тобы



Жеңістеріңіз құтты болсын!