«Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының Қыркүйек айында атқарған жоспар бойынша іс-шаралар есебі » Школа №49 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының Қыркүйек айында атқарған жоспар бойынша іс-шаралар есебі
30
қыркүйек
2021

«Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының Қыркүйек айында атқарған жоспар бойынша іс-шаралар есебі

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша 6-11 сынып оқушылары арасынан қыркүйек айында 145 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Атқарылған жұмыстар:
-2021-2022 оқу жылына арналған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспары құрылды
- «Адал ұрпақ» еріктілер клубының бұйрығы жасалды
- «Адал ұрпақ» еріктілер клубының бұрышы құрылды
- «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы туралы ереже
- Бекітілген барлық құжаттар және атқарылған жұмыстар мектеп сайтына жарияланды
- «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының мүшелерімен «Адалдық сағаты» сынып сағаты өткізілді.
- «Права и обязанности учащихся» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары және «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының мүшелерімен дөңгелек стол өткізілді. Оқушылар «Құқық дегеніміз не?» Мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі тақырыптары бойынша бір-біріне сұрақ-жауап арқылы пікір алмасып, талқылады.


«Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының Қыркүйек айында атқарған жоспар бойынша іс-шаралар есебі














































Қорытынды:
қыркүйек айында «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының барлық бұйырық, жоспарлары жасалып мектеп сайтына жарияланды. Дебат клубының мүшелерімен ұйымдастырылған дөңгелек стол жақсы деңгейде өтті. Алдағы уақытта осындай дөңгелек столдар ұйымдастырылатын болады. Осындай іс-шаралардан оқушылардың сөйлеу мәдениеті, ойлау қабілеті артады. «Адал ұрпақ» мүшелері кез-келген іс-шараға белсене қатысып, оқушылардың қызығушылығын арттыра білді.
Ұсыныс:
1.Келесі оқу жылында «Саналы ұрпақ» мүшелерімен бірлесіп кездесулер ұйымдастыру.
2.Дебат клубымен дөңгелек столдар өткізу