«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспар бойынша наурыз айының есебі » Школа №49 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспар бойынша наурыз айының есебі
30
наурыз
2022

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспар бойынша наурыз айының есебі

№ 49 жалпы білім беретін мектепте «Мемлекеттік қызмет –елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында 5 сыныптар арасында байқау өткізілді. Байқауға оқушылар белсене қатысты.
Байқаудың мақсаты: болашақ мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын ұрпағымызды: адал қызмет жасауға, әділ, сыпайы өз ісінің маманы болуға баулу
Мемлекеттік қызметкерлердің басты қағидасы – халыққа адал қызмет ету. Мұны олар ешуақытта ұмытпаулары керек. Халыққа жақын және әр істе «қара қылды қақ жаратын » әділ болулары тиіс.
«Тәуелсіздігіміздің мызғымас тірегі- жастарымыз »- деп айтқандай болашақ әскер қатарындағы, басшы яғни болашақ мемлекеттік қызметкерлер ортамызда жүр. Осы жастарымыздың антқа берік, жұмысына адал болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқау бойынша төмендегі қазылар алқасы жазылған эссені тексерді:
1.Тохтахунова Дилбирим Акимовна
2.Зейтказиева Нургул Мухаметкармовна
3.Съемщикова Татьяна Геннадьевна
Тексеру нәтижесі бойынша:
1 орын: 5 «А» сынып, Алиев Имран
2 орын: 5 «А» сынып, Ушурова Амали
3 орын: 5 «А» сынып, Курбанова Сурия
берілді. 5 сынып оқушысы Турдубакиева Ясмина жұмысы тақырыпқа сай емес деп, байқаудан шеттетілді.
Байқауға қатысушылар арнайы мақтау қағазымен марапатталды.