Хореография
Мектебімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тағылымы мол мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл күн – еліміздің тарихындағы ең маңызды, ең қастерлі күндердің бірі. Іс-шара барысында оқушылар ардагерлерге құрмет көрсетті, ән-күй, өлең мен көріністер арқылы өткенге тағзым етті. Әсіресе, мектептің би үйірмесіне қатысатын оқушылар өз өнерлерін паш етіп, патриоттық рухтағы би қойылымын ұсынды. Олардың әрбір қимылы, сахнадағы шынайы бейнелері көрермен жүрегіне жол тауып, көпшіліктің ыстық ықыласына