Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
мамыр
2025

Хореография

Мектебімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тағылымы мол мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл күн – еліміздің тарихындағы ең маңызды, ең қастерлі күндердің бірі.
Іс-шара барысында оқушылар ардагерлерге құрмет көрсетті, ән-күй, өлең мен көріністер арқылы өткенге тағзым етті. Әсіресе, мектептің би үйірмесіне қатысатын оқушылар өз өнерлерін паш етіп, патриоттық рухтағы би қойылымын ұсынды. Олардың әрбір қимылы, сахнадағы шынайы бейнелері көрермен жүрегіне жол тауып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Мерекелік кеш мектеп ұжымының, оқушылардың және ата-аналардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Жеңіс рухы мен бейбіт өмірдің қадірін сезіндірген бұл шара – жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті, тарихқа құрметті тереңдетуге үлкен үлес қосты.

Нашей школе прошло содержательное праздничное мероприятие, приуроченное к 80-летию Великой Победы. Этот день — один из самых значимых и священных в истории нашей страны.
В ходе мероприятия учащиеся выразили уважение ветеранам, почтили память прошлого через песни, стихи и театрализованные постановки. Особенно ярко выступили участники школьного хореографии, представив патриотическую хореографическую композицию. Каждое их движение, искренние образы на сцене тронули сердца зрителей и вызвали горячие аплодисменты.
Праздничный вечер прошёл на высоком уровне благодаря активному участию педагогического коллектива, учеников и родителей. Это мероприятие, наполненное духом Победы и осознанием ценности мирной жизни, сыграло большую роль в воспитании у молодого поколения любви к Родине и уважения к истории.