Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Тәуелсіздік-тірегім, Тәуелсіздік-жүрегім” атты мәнерлеп оқу сайысы / Конкурс чтецов “Тәуелсіздік-тірегім, Тәуелсіздік-жүрегім”
13
желтоқсан
2024

“Тәуелсіздік-тірегім, Тәуелсіздік-жүрегім” атты мәнерлеп оқу сайысы / Конкурс чтецов “Тәуелсіздік-тірегім, Тәуелсіздік-жүрегім”

49 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай “Тәуелсіздік-тірегім, Тәуелсіздік-жүрегім” атты 4- сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Нұрболат Лаура Жанболатқызы, Мақсұт Самал Ержанқызы, Есеманова Гүлжан Абикеновна.

Мақсаты: Оқушыларды өлең оқуға қызығушылығын арттыру, тәуелсіздік туралы білімін кеңейту, сайыста белсенділігін таныту, отан сүйгіштіккке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту,
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.
Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты.
Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайшылықпен келген жоқ.
Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылды.
Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізді.

В 49 общеобразовательных школах в честь Независимости Республики Казахстан был проведен конкурс чтецов среди 4-х классов “Тәуелсіздік-тірегім, Тәуелсіздік - жүрегім". Организаторами были учителя казахского языка и литературы Нұрболат Лаура Жанболатқызы, Мақсұт Самал Ержанқызы, Есеманова Гүлжан Абикеновна.