Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттың қуаты – тілінде / Сила нации — в знании языка
17
қаңтар
2025

Ұлттың қуаты – тілінде / Сила нации — в знании языка

17 қаңтарда Алматы қаласының №49 жалпы білім беретін мектебінде «Ұлттың қуаты – тілінде» тақырыбында Аслы Осман Әлиқызымен кездесу өтті.
Жиынның мақсаты: Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтар арасында қазақ тілін насихаттап, қазақ тілін меңгерген көптілді тұлғалар мен мамандарды даярлауға атсалысу.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері Аслы Осман Әлиқызы, білікті ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Кездесу барысында оқушылар Аслы Әлиқызымен сұхбаттасып, тілдің маңыздылығы жөнінде пікірталас жүргізді. Мектебіміздің қоғамдық өміріне атсалысып жүрген оқушыларымыздың өнерлерін тамашалады. Ұйымдастырған “Қазақ тілі мен әдебиеті” бірлестігіне мың алғыс! Еңбектеріңіз жемісті болсын!

17 января в общеобразовательной школе №49 г. Алматы состоялась встреча с Аслы Осман Әлиқызы на тему «Сила нации — в знании языка».
Цель встречи: популяризация казахского языка среди граждан, проживающих в Казахстанею.
В ходе встречи учащиеся беседовали с Аслы Алиевной, обсуждали важность языка. Спасибо организатору МО "казахского языка и литературы"! Пусть ваши труды будут плодотворными!