31
наурыз
2025
Педагогикалық кеңес / Педагогический совет
Бүгін мектебімізде мектеп әкімшілігі және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен “Сыныпта мінез-құлықты басқару және жағымды орта құрудың стратегиялары” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Аталған іс-шара бойынша мұғалімдер қазақтың оюлары арқылы топқа бөлініп, оның атауы мен мағынасын да ажырата білді. Жұптық және топтық жұмыс түрлері арқылы тақырып бойынша талқылау жүргізіліп, ең маңызды деген ақпараттар іріктеліп алынды. Теориялық бөлімде толықтыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, практикалық бөлім арқылы әр топ күнделікті мектеп өмірінде кездесетін жағдаяттардың шешу жолдарын ұсынды. “Мінез-құлықты басқарудағы ең маңызы не?” деген сұрақ арқылы “Mentimeter” қосымшасында жауап беріп, кері байланыс орнатты. Мұнда ұстаздар тек ақпаратпен алмасып қана қоймай, сергіту сәті арқылы бой жазып, өзара ынтымақтастық орната білді.

