Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас маман" байқауы
17
сәуір
2025

"Жас маман" байқауы

Байқаудың мақсаты – жас педагогтардың кәсіби дамуына жағдай жасау, олардың шығармашылық әлеуетін ашу, білім беру саласындағы жаңа идеяларды насихаттау болатын. Қатысушылар түрлі кезеңдерден өтіп, өз педагогикалық концепциясын, әдістемелік шеберлігін және тұлғалық болмысын таныта білді.

Нұрболат Лаура Жанболатқызы байқау барысында өзінің заманауи көзқарасын, жаңашылдығын және кәсіби дайындығын сәтті қорғап, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бұл жеңіс – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар мектебіміздің сапалы білім мен кәсіби қолдауға баса мән беретінінің дәлелі.

Жас ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы шығармашылық жолында жаңа табыстар, биік белестер тілейміз!