Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлы отан соғысының ардагерімен кездесу / Встреча с ветераном Великой Отечественной войны.
29
сәуір
2025

Ұлы отан соғысының ардагерімен кездесу / Встреча с ветераном Великой Отечественной войны.

2025 жылғы 28 сәуірде Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Николай Таратүнин 102 жасқа толды.
Мерейлі жасымен Николай Александровичті Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Түрксіб ауданының қорғаныс басқармасының өкілдері, №49 жалпы білім беретін мектептің директоры мен оқушылары, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінің оркестрі құттықтады. Қорғаныс министрінің атынан ардагерге құттықтау хаты мен сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, шекара қызметі департаментінің өкілдері де ардагерді арнайы құттықтап келді.
Николай Таратүнин 1923 жылғы 28 сәуірде Ярославль облысындағы Починки ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың қараша айында, ағалары мен әпкесінің үлгісімен, майданға өзі сұранып кеткен. Жақсы физикалық дайындығының арқасында барлау ротасына қабылданып, жау тылында бірнеше мәрте тапсырма орындаған. Ол барлау топтарының құрамында құнды мәліметтер мен тұтқынға түскен офицерлерді алып келген. Осындай тапсырмалардың бірінде ол немістердің азық-түлік тиеген жүк көлігін қолға түсіріп, оқ астында өз бөлімшесіне жеткізген.

28 апреля 2025 года, свой 102-й день рождения отмечает полковник в отставке, ветеран Великой Отечественной войны Николай Таратунин.

С праздником Николая Александровича поздравили представители департамента и управления по делам обороны Алматы и Турксибского района, директор школы и учащиеся общеобразовательной школы № 49, воспитанники военно-патриотических клубов и оркестр воинской части 5571 Национальной гвардии МВД РК. От имени министра обороны ему вручили поздравительный адрес и подарки. Также фронтовика поздравили представители департамента пограничной службы КНБ.
Николай Таратунин родился 28 апреля 1923 года в деревне Починки Ярославской области. В ноябре 1941 года, следуя примеру двух старших братьев и сестры, ушел добровольцем на фронт. Благодаря отличной физической подготовке был зачислен в разведроту. В составе разведгрупп неоднократно выполнял задания в тылу врага, доставляя ценные сведения и пленных офицеров. Один из таких рейдов закончился захватом немецкого грузовика с продовольствием, который удалось доставить в часть, несмотря на обстрел со стороны своих.