Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📢 Құрметті ата-аналар! / 📢 Уважаемые родители!
15
қыркүйек
2025

📢 Құрметті ата-аналар! / 📢 Уважаемые родители!

📢 Құрметті ата-аналар!

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мектеп оқушыларына бағытталған алаяқтардың жаңа тәсілдеріне назар аударуларыңызды сұрайды.

Жаңа оқу жылы басталғалы бері алаяқтар балаларға қоңырау шалып, өзін мұғаліммін деп таныстыруда. «Электрондық күнделікті жаңарту» деген сылтаумен олар SMS арқылы келген бір реттік құпия кодтарды сұрайды. Бала оны ата-анасына немесе мектебіне көмектесіп жатырмын деп ойлауы мүмкін. Іс жүзінде алаяқтар осы кодтарды пайдаланып, «Электрондық үкімет» жүйесіне, онлайн-банкингке немесе туыстарының банк шоттарына қол жеткізеді.

⚠️ Есте сақтаңыздар: SMS-тегі кодтар — жеке мәлімет. Оларды ата-анадан басқа ешкімге айтуға болмайды.

✅ Баламен әңгімелескенде ерекше мән беретін жайттар:
* қандай жағдайда да SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеу;
* қоңырау шалған адам өзін мұғалім немесе мектеп қызметкерімін десе де, бірден ата-анасына хабарласу;
* күдікті сілтемелерге өтпеу, бейтаныс қосымшаларды жүктемеу.
🤝 Ата-аналар не істей алады:
* балаға шынайы мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері ешқашан SMS кодтарын немесе банк картасының деректерін сұрамайтынын түсіндіру;
* телефонға ата-ана бақылауын орнатып, беймәлім нөмірлерден келетін қоңырауларды қадағалау;
* балаңызбен сенімді қарым-қатынас орнатып, осы сынды жағдайды жасырмай айтуға болатынын сездіру.
📞 Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе 111 Байланыс орталығына хабарласуға болады.
🛡 Балаларыңызды қорғаңыздар — олардың қауіпсіздігі сіздің қырағылығыңыздан басталады!
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

📢 Уважаемые родители!

Комитет по охране прав детей Министерства просвещения РК обращает ваше внимание на новые случаи мошенничества, нацеленного на школьников.

С начала нового учебного года зафиксированы инциденты, когда злоумышленники звонят детям, представляясь учителями. Под предлогом «перевыпуска электронного дневника» они просят продиктовать коды из СМС. Дети, считая, что помогают родителям или школе, на самом деле предоставляют мошенникам доступ к сервисам «Госуслуги», онлайн-банкингу или банковским счетам родственников.

⚠️ Помните: коды из СМС — это личная информация, которую нельзя сообщать никому, кроме родителей.

✅ Что важно обсудить с ребёнком:
* ни при каких обстоятельствах не сообщать коды из СМС, даже если звонящий представляется учителем или сотрудником школы;
* в случае сомнений сразу звонить родителям и уточнять информацию;
* не переходить по подозрительным ссылкам и не скачивать незнакомые приложения.

🤝 Что могут сделать родители:
* объяснить ребёнку, что настоящие учителя и сотрудники школы никогда не будут просить сообщить коды из СМС или данные банковских карт;
* установить родительский контроль на телефоне и следить за звонками с неизвестных номеров;
* сохранять доверительный контакт с ребёнком, чтобы он не боялся сообщить о подобных случаях.

📞 При выявлении подозрительной активности вы можете обратиться в правоохранительные органы или сообщить в Контакт-центр 111.
🛡 Берегите своих детей — их безопасность начинается с вашей осведомлённости!
Комитет по охране прав детей Министерства просвещения РК