Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәлімгерлік» жобасы/ Проект «Наставничество»
21
қараша
2025

«Тәлімгерлік» жобасы/ Проект «Наставничество»

Алматы мектептерінің басшылары ұжымды үйлестірілуі арттыру тәсілдерін меңгерді 21 қараша күні Алматы қаласы №15 гимназия базасында қалалық Білім басқармасы мен Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы (ББЖТҒӘО) біріге отырып ұйымдастырған әдістемелік семинар-практикум өтті. Бұл іс-шара жаңа директорларға арналған «Директорлар мектебі» бағдарламасының маңызды кезеңдерінің бірі болды. ББЖТҒӘО директорының міндетін атқарушы Ардақ Смағұлованың айтуынша, семинар тақырыбы жас басшылар үшін өзекті, себебі қазіргі білім беру ұйымының табыстылығы директордың келіспеушіліктерді конструктивті түрде басқару қабілетіне тікелей байланысты. Қаланың жетекші мектеп директорлары спикер ретінде сөз сөйлеп, қақтығыстарды деструктивті факторлардан ұжымның өсуі мен дамуына арналған ресурсқа айналдыру стратегияларымен бөлісті. Қатысушылар келіспеушіліктердің түрлерін, медиация әдістерін және көшбасшының эмоционалды интеллектісінің маңыздылығын талдады. №90 мектеп лицей директоры Бұлбұл Оспанбек: "Конфликт – тоқырау емес, жетілдіруге мүмкіндік. Біздің міндетіміз – басшыларды келіспеушіліктерден қашпай, оны командалық рухты нығайту үшін конструктивті пайдалануға үйрету." Ерекше қызығушылық тудырған практикалық сессиялар: 1.    «Тыңдау және есту қабілеті» арт-терапиясы: №15 гимназия психологы Меруерт Аязбаева өткізген бұл сессия эмпатияны және белсенді тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталды. 2.    Шағын топтарда жұмыс: Кәсіби фасилитатор Жанна Хисамиддинова (№49 мектеп директоры) және мектеп психологы Әйгерім Ахметованың жетекшілігімен қатысушылар келіспеушіліктерді жеңудің ортақ стратегиялары мен нақты қадамдарын әзірлеп, ұжымдық іс-қимыл жоспарын қалыптастырды. Семинар Қорытындысы: Жас директорлар қақтығыстардың алдын алудың тиімді құралдарын, дағдарыс жағдайларындағы әрекет алгоритмдерін алды және тәжірибелі әріптестермен кәсіби байланыс желісін нығайтты. 

21 ноября в Алматы на базе гимназии № 15 прошел методический семинар-практикум, организованный Управлением образования города совместно с научно-методическим центром новых технологий в образовании (ГНМЦНТО). Мероприятие стало ключевым событием в рамках программы Школы наставничества для вновь назначенных руководителей организаций образования.Как отметила на открытии и.о. директора ГНМЦНТО Ардак Смагулова, тема семинара актуальна для молодых руководителей, поскольку успешность современного учебного заведения напрямую зависит от способности директора конструктивно управлять разногласиями.

Спикеры — ведущие директора школ — поделились стратегиями преобразования конфликтов в ресурс для развития коллектива. Участники разобрали типы разногласий, методы медиации и важность эмоционального интеллекта лидера.

Директор СШЛ №90 Булбул Оспанбек: "Конфликт – это не тупик, а возможность для улучшения. Наша задача – научить руководителей конструктивно использовать разногласия для укрепления командного духа."Особый интерес вызвали практические сессии: Арт-терапия «Умение слушать и слышать» от психолога Меруерт Аязбаевой, направленная на развитие эмпатии и навыков активного слушания. Под руководством профессионального фасилитатора Жанны Хисамиддиновой, директора школы №49 и школьного психолога Айгерим Ахметовой, участники в малых группах выработали общие стратегии и конкретные шаги для преодоления разногласий, сформировали коллективно принятый план действий. По итогам семинара молодые директора получили эффективные инструменты для предотвращения конфликтов, алгоритмы действий в кризисных ситуациях и укрепили сеть профессиональных контактов.