08
қыркүйек
2025
Тілдер апталығы «Толық адам – тіл арқылы танылады»
Мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Биылғы онкүндіктің басты тақырыбы — «Толық адам – тіл арқылы танылады».
Мақсаты:
Онкүндік аясында оқушыларға тілдің адам тұлғасын қалыптастырудағы маңызды рөлін ұғындыру, тілдерді меңгеру арқылы рухани кемелдікке, мәдени сауаттылыққа ұмтылуға жетелеу көзделді. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының «Толық адам» тұжырымдамасы негізінде үштілділіктің маңызын түсіндіру арқылы жастарды тілге деген қызығушылық пен құрметке баулу мақсат етілді.
Идеясы:
Тілді меңгеру – тұлғалық кемелдікке бастар жол. Тіл арқылы адам өзінің болмысын, рухани дүниесін, мәдени деңгейін қалыптастырады. Осы идея аясында өткізілген шаралар оқушылардың үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) еркін меңгеруге деген ынтасын арттырып, олардың ой-өрісін, коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталды.