Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
желтоқсан
2025

«Everyday English for Real-Life Situations»

«Everyday English for Real-Life Situations» Тақырыбындағы Авторлық Бағдарламаның Таратылуы
2025 жылғы 27 қарашада мектеп мұғалімдері мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ағылшын тілі пәні бойынша ауқымды вебинар өткізілді.
Вебинардың басты назарына педагог-сарапшы Мукаева Ментай Бекбатыровнаның авторлық әзірлемесі – “Everyday English for Real-Life Situations” атты бағдарламасы ұсынылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – авторлық бағдарламалардағы педагогикалық идеялардың негізінде, пәндерді оқытудың тиімді тәсілдері мен заманауи әдістемелерін ұсына отырып, жинақталған тәжірибені тарату және педагогтар арасында кәсіби диалог орнату болды.
Қатысушылар ауқымы бұл вебинарға еліміздің әр өңірінен және қалаларынан көптеген мұғалімдер мен әдіскерлер қатысып, іс-шараның жоғары республикалық мәртебесін көрсетті: Аудан әдіскері : Аружан Қанатқызы,Алматы қаласынан: Алатау, Алмалы, Медеу, Бостандық, Түрксіб аудандары және Талғар аудандарынан қатысқан мұғалімдер,Республикалық қалалар мен облыстар: Астана, Семей, Атырау, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Жетісу, Абай және Алматы облыстарынан көптеген ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Мукаева Ментай Бекбатыровнаның авторлық вебинары жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Қатысушылар баяндамашының практикалық маңызы зор әдістемелеріне жоғары баға беріп, оқу процесінде осы тиімді тәсілдерді қолдануға ниет білдірді. Бұл іс-шара педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға және оқу сапасын жақсартуға үлкен үлес қосты

Похожие публикации: