Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әдістемелік кеңес / Методический совет
06
қаңтар
2026

Әдістемелік кеңес / Методический совет

2026 жылғы 5 қаңтар күні педагогикалық ұжымымыз осы жылдың алғашқы әдістемелік кеңесін өткізіп, оқу үдерісін одан әрі жетілдіру жолдарын талқылады.

Кездесудің басты бағыты — функционалдық сауаттылық болды. Мұғалімдер оқушыларды мектепте алған білімдерін өмірлік жағдайларда тиімді қолдануға үйрету мәселелерін қарастырды: экономикадан бастап цифрлық қауіпсіздікке дейінгі бағыттар талданды.

Сонымен қатар тарих және қоғамтану пәндері бойынша өткен мазмұнды декаданың қорытындылары сараланып, 2-тоқсан бойынша бақылау жұмыстардың нәтижелері талданды. Қиын тақырыптар бойынша «қайта жүктеу» жоспары белгіленді.

Әсіресе сынып жетекшілерінің рөліне ерекше назар аударылды. Алдағы уақытта оқушылардың бір-бірін қолдауына, өзара көмек көрсетуіне және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған өзара оқыту жүйесін енгізу жоспарлануда.

Үшінші тоқсанға нақты жоспармен, жаңа идеялармен және шабытпен қадам бастық! 🚀📚5 января 2026 года наша педагогическая команда провела первый в этом году методический совет, чтобы сделать учебный процесс еще круче! Главным трендом встречи стала функциональная грамотность: мы разбирали, как учить детей применять школьные знания в реальных жизненных ситуациях, от экономики до цифровой безопасности. Обсудили итоги яркой декады истории и обществознания, проанализировали результаты контрольных срезов за 2 четверть и наметили план «перезагрузки» по сложным темам. Особое внимание уделили роли классных руководителей — теперь мы внедряем систему взаимообучения, где ученики смогут поддерживать друг друга и развивать лидерские качества. Входим в третью четверть с четким планом и вдохновением! 🚀📚