26
қараша
2021
«Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас
Қарашаның 12 күні әлеуметтік педагог Сәрсенбі Ә.М. 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында түсіндірме жұмысын өткізді.
Мақсаты:
1.Оқушыларды қоғамдық тәртіп негіздерімен таныстыру
2.Оқушыларды қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білуге, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
3.Қоғамдық орындарда орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу.Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып ,құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен ,түрлерімен таныстыру.
Қоғамдық тәртіп негіздері жайлы түсіндірілді, видеолар көрсетілді ,сұрақ-жауап болды.

Қоғамдық тәртіп - Азаматтың қадір-қасиеті мен басқа құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі.
Оқушыларға қоғамдық тәртіп туралы ақпараттар беріліп, мысалдар келтірді. Оқушылар өздері қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда қандай жазалар қолданылады ,сонымен қатар қылмыстың түрлерімен танысып соған байланысты сұрақтарға жақсы жауап берді.