19
қараша
2025
49 мектеп - оқуға құштар мектеп / 49 школа - читающая школа
Бүгін №26 кітапхананың ұйымдастыруымен Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай 4 «Ә» сынып оқушыларымен «Оян, қазақ!» атты әдеби кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, публицист, жазушы және қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының мұрасын жас ұрпаққа таныту, оның шығармаларындағы ұлттық рух пен отаншылдықты дәріптеу болды.
Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармалары туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, М.Дулатұлының ел болашағына арнаған үндеулері мен жас ұрпаққа қалдырған өсиеттерінің маңызы атап өтілді.