Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы»
05
наурыз
2026

«Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы»

«Оқуға құштар мектеп»  жобасы  және «Балалар кітапханасы»бағдарламасы аясында, 8-наурыз халықаралық әйелдер күні                                                            қарсаңында  «Қыздарға әсемдік жарасады» кітапханалық сабақ өтілді.
  
 Кітапханалық сабақ.
  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кітапханада «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқырман қыздардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, әдептілікке, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу болды.
Сабақ барысында қатысушыларға қазақ халқының қыз тәрбиесіне қатысты салт-дәстүрлері, ұлттық әдеп нормалары туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, қыз балаға тән көркем мінез, киім кию мәдениеті, өзін-өзі ұстау әдебі жайлы әңгіме өрбіді. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, сұлулық, инабаттылық, тәрбие тақырыбындағы әдебиеттерге шолу жасалды.
Қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты, өз ойларын ортаға салды. Сабақ тәрбиелік мәні зор, мазмұнды түрде өтіп, оқырмандарға жақсы әсер қалдырды.