Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
08
мамыр
2026

«Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»

8 мамыр күні №26 «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» кітапханасының кітапханашысы Карипбаева Ж.Н. ұйымдастыруымен «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты патриоттық сағат өткізілді. Іс-шараға №49 орта мектептің 6 «Б» сынып оқушылары, кітапханашы Асылбаева А.С. және орыс тілі пәнінің мұғалімі Искакова Г.М. қатысты.

Шара барысында оқушыларға Қазақстан тарихындағы қасіретті кезеңдер — саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдары туралы мәлімет беріліп, жазықсыз жапа шеккен жандардың тағдыры еске алынды. Оқушылар тарихи деректермен танысып, ел тарихын құрметтеудің маңыздылығы жөнінде ой бөлісті.

Қазақстанда 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн 1997 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Оның мақсаты — тоталитарлық режим құрбаны болған миллиондаған адамның, соның ішінде 1931–1933 жылдардағы ашаршылық пен 1937–1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым ету.