30
қаңтар
2025
"Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация" тақырыбында маңызды әңгіме өткізді
30.01.2025 жылы мектебімізге келген гинеколог маман қыздармен "Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация" тақырыбында маңызды әңгіме өткізді. Бұл шара жастар арасында денсаулық сақтау, вирусқа қарсы алдын алу шаралары туралы білімді арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Вакцинацияның маңыздылығы, АПВ-ның адам ағзасына әсері және оның алдын алу жолдары туралы түсінік берілді. Қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Денсаулық – біздің басты байлығымыз, осы себепті өз ағзамызға қамқор болу өте маңызды! #Денсаулық #АПВ #Вакцинация #Медицина #Қыздар #Білім #Қамқор