Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алтын белгіге» үміткер оқушыларға психологиялық қолдау көрсету / Психологическая поддержка учащихся — кандидатов на «Алтын белгі»
29
қаңтар
2026

«Алтын белгіге» үміткер оқушыларға психологиялық қолдау көрсету / Психологическая поддержка учащихся — кандидатов на «Алтын белгі»

«Алтын белгіге» үміткер оқушылармен психологиялық жұмыс жүргізілді
Мектеп түлектерімен өз-өзіне деген сенімділікті арттыруға, жеке күшті қырларын тануға және позитивті ішкі көңіл күй қалыптастыруға бағытталған арт-терапиялық жұмыс өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар «Мен» жаттығуы арқылы өздерінің жеке қасиеттері, құндылықтары мен мақсаттары туралы ой қозғап, өз бойындағы ресурс, тірек және әлеуетті көруге үйренді. Оқушылар жауапкершілік, мақсатқа ұмтылушылық, сенімділік, мейірімділік және табысқа жетуге деген талпыныс сияқты өздерінің мықты жақтарын атап өтіп, ішкі күйін шығармашылық тұрғыда білдірді.
Мұндай жұмыс мазасыздықты төмендетуге, өзін-өзі бағалауды нығайтуға және өзіне әрі болашағына оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл әсіресе бітіруші емтихандарға дайындық кезеңінде аса маңызды.
Өзіне деген сенім — үлкен жетістіктерге бастайтын маңызды қадам!
Проведена психологическая работа с учащимися — кандидатами на «Алтын белгі» 
С выпускниками была проведена арт-терапевтическая работа, направленная на развитие уверенности в себе, осознание своих сильных сторон и формирование позитивного внутреннего настроя.
В ходе занятия ребята через упражнение «Я» размышляли о своих личных качествах, ценностях и целях, учились видеть в себе ресурс, опору и потенциал. Учащиеся отмечали свои сильные стороны, такие как ответственность, целеустремлённость, уверенность, доброта и стремление к успеху, а также творчески выражали своё внутреннее состояние.
Такая работа способствует снижению тревожности, укреплению самооценки и формированию позитивного взгляда на себя и своё будущее, что особенно важно в ответственный период подготовки к выпускным экзаменам.
   Вера в себя — один из ключевых шагов к большим достижениям!