Ағылшын тілі — болашақтың кілті: тіл курстарының өкілдерімен кездесу/Английский язык — ключ к будущему: встреча с представителями языковых курсов
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында біздің мектепте ағылшын тілі курстарының өкілдерімен кездесу өтті.
Қонақтар 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі барлық сыныптарды аралап, оқушыларға шет тілін үйренудің мүмкіндіктері мен оның қазіргі замандағы маңызы туралы әңгімелеп берді.
Оқушылар ағылшын тілін меңгеру сапалы білімге, табысты мансапқа және әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдармен еркін қарым-қатынас жасауға жол ашатынын білді. Әсіресе өмірден алынған мысалдар мен тілді қызықты әрі тиімді үйрену жөніндегі кеңестер балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Курс өкілдері ағылшын тілін кез келген жаста үйренуге болатынын, ең бастысы — ынта мен жүйелі тәжірибе екенін атап өтті. Бастауыш сынып оқушылары үшін ойын түріндегі әдістер мен жеңіл жаттығулар ұсынылса, жоғары сынып оқушыларына емтиханға дайындалу және болашақ кәсіби бағыттарына қатысты пайдалы кеңестер берілді.
Мұндай кездесулер оқушылардың білімнің құндылығын түсінуге және өзін-өзі дамытуға деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Шынында да, ағылшын тілі — болашаққа бастар кілт!
В рамках профориентационной работы в нашей школе прошла встреча с представителями курсов английского языка. Гости посетили все классы — от 1 до 11, рассказали ученикам о возможностях изучения иностранного языка и его роли в современном мире.
Ребята узнали, что владение английским открывает двери к качественному образованию, успешной карьере и свободному общению с людьми по всему миру. Особый интерес вызвали примеры из жизни и советы о том, как сделать процесс изучения языка увлекательным и эффективным.
Представители курсов подчеркнули, что начинать учить английский можно в любом возрасте, главное — желание и регулярная практика. Для младших школьников были предложены игровые методы и простые упражнения, а для старших — практические рекомендации по подготовке к экзаменам и будущей профессиональной деятельности.
Такие встречи помогают школьникам осознать ценность знаний и мотивируют их к дальнейшему развитию. Английский язык действительно становится ключом, открывающим путь в будущее!




