Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ-Халықаралық Қытай Тіл Колледжінің өкілдері 9-сынып оқушыларымен кездесті
19
қаңтар
2026

Қазақ-Халықаралық Қытай Тіл Колледжінің өкілдері 9-сынып оқушыларымен кездесті

Қазақ-Халықаралық Қытай Тіл Колледжінің өкілдері 9-сынып оқушыларымен кездесті

Мектебімізде 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру мақсатында Қазақ-Халықаралық Қытай тіл колледжінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орнының қызметі, білім беру бағдарламалары, дайындық бағыттары және оқуға түсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді. Әсіресе шет тілдерін, соның ішінде қытай тілін меңгерудің маңыздылығы мен түлектердің болашақтағы білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ оқушыларға оқу үдерісінің ерекшеліктері, қабылдау талаптары мен колледжде оқудың артықшылықтары таныстырылып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. 9-сынып оқушылары кездесуге белсенді қатысып, үлкен қызығушылық танытты.
Мұндай кәсіби бағдар беру шаралары оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және әрі қарайғы оқу бағытын дұрыс анықтауына көмектеседі.
Мектеп әкімшілігі Қазақ-Халықаралық Қытай тіл колледжінің өкілдеріне пайдалы ақпарат пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.

Представители Казахско-международного китайского языкового колледжа встретились с учащимися 9-х классов

В нашей школе состоялась профориентационная встреча для учащихся 9-х классов с представителями Казахско-международного китайского языкового колледжа.
В ходе встречи гости рассказали о деятельности колледжа, образовательных программах, направлениях подготовки и возможностях поступления. Особое внимание было уделено изучению иностранных языков, в том числе китайского языка, а также перспективам дальнейшего обучения и трудоустройства выпускников.
Представители колледжа подробно остановились на особенностях учебного процесса, условиях поступления и преимуществах обучения в языковом колледже, а также ответили на вопросы школьников. Учащиеся 9-х классов проявили активность и заинтересованность в обсуждении.
Подобные профориентационные мероприятия помогают школьникам осознанно подойти к выбору будущей профессии и дальнейшего образовательного пути.
Администрация школы выражает благодарность представителям Казахско-международного китайского языкового колледжа за сотрудничество и содержательную встречу.