№ 49 жалпы білім беретін мектеп «Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының 2021-2022 оқу жылында атқарған жоспар бойынша іс-шаралар есебі » Школа №49 г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » № 49 жалпы білім беретін мектеп «Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының 2021-2022 оқу жылында атқарған жоспар бойынша іс-шаралар есебі
01
маусым
2022

№ 49 жалпы білім беретін мектеп «Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының 2021-2022 оқу жылында атқарған жоспар бойынша іс-шаралар есебі


№ 49 жалпы білім беретін мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша 6-11 сынып оқушылары арасынан қыркүйек айында 148 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Қыркүйек айында
-2021-2022 оқу жылына арналған «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспары құрылды;
- «Адал ұрпақ» еріктілер клубының бұйрығы жасалды;
- «Адал ұрпақ» еріктілер клубының бұрышы құрылды;
- «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы туралы ереже жасалды;
- Бекітілген барлық құжаттар және атқарылған жұмыстар мектеп сайтына жарияланды;
- «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының мүшелерімен «Адалдық сағаты» сынып сағаты өткізілді.
- «Права и обязанности учащихся» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары және «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының мүшелерімен дөңгелек стол өткізілді. Оқушылар «Құқық дегеніміз не?» Мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі тақырыптары бойынша бір-біріне сұрақ-жауап арқылы пікір алмасып, талқылады

Қазан айына «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары бойынша 

  • сынып сағаты «Мектепбіміз жемқорлыққа қарсы!»;
  • эссе конкурсы «Мен жемқорлық туралы не білемін!»;
  • дөңгелек стол «Біздің таңдауымыз – құқықты мемлекет»

№49 жалпы білім беретін мектепте «Мектебіміз жемқорлыққа қарсы» тақырыбында барлық сыныптар сынып сағатын өткізді. 

Сынып сағатының мақсаты: 

Оқушыларға жемқорлықтың не екендігін түсіндіре отырып, жомқорлықтың шығу себептерін талқылау. Елімізде жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қабылданып жатқандығын, жастар жемқорлықпен күресу үшін не істей алатындығы туралы сұрақтары мен ой-пікірлерін жеткізу. 

Осы мақсатты назарға ала отырып, сынып сағаттары өтті


Эссе конкурсы- «Мен жемқорлық туралы не білемін!». Эссе жазуға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар жемқорлықтың адам өміріне қауіпі мен қазіргі таңда жемқорлықты қалай жеңуге болатындығын атап көрсеткен. Жазылған эсселердің ішінен төмендегі оқушыларға орындар беріліп, марапатталды:

1 орын: Азизова Дильназ, 8 «А» сынып 

1 орын: Камал Шахназ Камалқызы,  8 «А» сынып

2 орын: Лезина Анастасия Михайловна, 8 «А» сынып


8 «Ә» сыныбымен аға тәлімгер Абилгазиева Нурила Аскаровна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утегенова Д.М.   ұйымдастыруымен «Біздің таңдауымыз – құқықты мемлекет» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді. 

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызғадеген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті тұлғаны қалыптастыру.                                               

Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, пікір таластыру арқылы тақырыпты ашты. Оқушылар топқа бөліп: «Жемқорлық», «Адалдық» сөздерінің мағынасын ашты, ойын арқылы оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарын қорғады.


Жасалынған жұмыстар №49 ЖББМ инстаграм және мектеп сайтына жарияланды. 

19 қазан күні қалалық мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау онлайн түрде өтті. Қаланың барлық мектебінен клуб жетекшілері қатысты. 

     Қараша айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары бойынша:

  • Оқушылармен «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас өткізілді

Қарашаның 12 күні барлық сынып жетекші сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында түсіндірме жұмысын өткізді. 

Мақсаты:

  1. Оқушыларды қоғамдық тәртіп негіздерімен таныстыру
  2. Оқушыларды қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білуге, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
  3. Қоғамдық орындарда орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру.

Қоғамдық тәртіп негіздері жайлы түсіндірілді, видеолар көрсетілді ,сұрақ-жауап болды.


Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында 15 желтоқсан күні «Адал ұрпақ» еріктілер клубының қатарына №49 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қабылданды. Аталған салтанатты жиын офлайн форматта өтті. Түрксіб ауданы бойынша 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау және басқада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізілуде. Ауданымызда сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы жасалынып жатқан жұмыстарға жіті мән беріледі. Жиынға мұғалімдер, ата-аналар қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хисамеддинова Ж.Т. «Адал ұрпақ еріктілер клубына» жаңадан қабылданған оқушыларға клуб белгісі көк шарфты тақты.

Қабылданатын оқушылар Адал ұрпақ еріктілер клубының құрамына өтудің жауапкершілігінің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының құрамына 135 оқушы қабылданды.
Мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хисамиддинова Ж.Т «Адал ұрпақ еріктілер клубы» қатарына қабылданған оқушыларды құттықтап, тілегін білдірді.
 Қабылданушылар патриот болуға,
 Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге,
 Білімге құштар болуға,
 Абройлы, адал, әділетті болуға,
 Отанына шексіз қызмет етуге өз үлестерін қосатындығын айтып, ант берді



2021-2022 жылдың қаңтар айына «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспары бойынша 9 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық» жобасы аясында видеоматериалдар конкурсы жарияланды. Сыныптар өздері жасаған «Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық» тақырыбына жасаған жұмыстарын мектеп сайтына және ютуб каналына жарияланды. 

Байқаудың мақсаты: Оқушыларға жемқорлықтың не екендігін түсіндіре отырып, жемқорлыққа бармауға, болашақ отанымыздың болашағы жасөспірімдердің қолында екендігін түсіндіру. Елімізде жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қабылданып жатқандығын, жастар жемқорлықпен күресу үшін не істей алатындығы туралы өз ойларын видеоматериал арқылы көрсетті. 


Ақпан айында «Адал  ұрпақ» ерікті клубының жұмыс жоспарына сәйкес 8 «Д» сынып оқушылары арасында «Адалдық, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлықты қалай түсінеміз» тақырыбында театрлық қойылым ретінде жұмыстар атқарылды.

      Мұнда 8 «Д» сыныбына сынып жетекші Бочкарев А.В. «Адалдық, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлықты қалай түсінеміз»  тақырыбында театрлық қойылым қойды. 


«Мемлекеттік қызмет –елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында 5 сыныптар арасында жоспар бойынша наурыз айында байқау өткізілді. Байқауға оқушылар белсене қатысты. 

Байқаудың мақсаты: болашақ мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын ұрпағымызды: адал қызмет жасауға, әділ, сыпайы өз ісінің маманы болуға баулу

Мемлекеттік қызметкерлердің басты қағидасы – халыққа адал қызмет ету. Мұны олар ешуақытта ұмытпаулары керек. Халыққа жақын және әр істе «қара қылды қақ жаратын » әділ болулары тиіс. 

«Тәуелсіздігіміздің мызғымас тірегі- жастарымыз »- деп айтқандай болашақ әскер қатарындағы, басшы яғни болашақ мемлекеттік қызметкерлер ортамызда жүр. Осы жастарымыздың антқа берік, жұмысына адал болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқау бойынша төмендегі қазылар алқасы жазылған эссені тексерді:

1.     Тохтахунова Дилбирим Акимовна

2.     Зейтказиева Нургул Мухаметкармовна

3.     Съемщикова Татьяна Геннадьевна

Тексеру нәтижесі бойынша:

1 орын: 5 «А» сынып, Алиев Имран

2 орын: 5   «А» сынып, Ушурова Амали

3 орын: 5   «А» сынып, Курбанова Сурия 

берілді. 5 сынып оқушысы Турдубакиева Ясмина жұмысы тақырыпқа сай емес деп, байқаудан шеттетілді. 

Байқауға қатысушылар арнайы мақтау қағазымен марапатталды. 


Сәуір айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сәйкес:

  • «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» тақырыбында бейнематериал байқауы        

Байқаудың мақсаты

1. Қоғамның ашық және есеп беретін мемлекет қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешуде Қазақстанның жетістіктерін көрсету; мектептерде жоғары адамгершілік, жауапты, бастамашылық және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау;

2. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру; құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және жандандыру, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарына жұртшылықтың назарын аудару.

Байқаудың міндеттері

1. Ой-өрісін кеңейту, байқағыштықты, эстетикалық талғамды, қойылған міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту;

2. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қызметін ынталандыру.

          8-9 сыныптар арасында байқау ұйымдастырылып, сынып жетекшілердің жетекшілігімен оқушылар белсене қатысты. Әділқазылардың шешімі бойынша төмендегідей сыныптар жүлделі орынға ие болды:

1 орын: 9 «Ә» сынып оқушылары;

2 орын: 9 «А» сынып оқушылары;

3 орын: 8 «А» сынып оқушылары

Белсенді ат салысқан оқушыларға арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

Білім беру ұйымдарында алдын алу жұмысы күшейтілуде. Мектеп сайтына алдағы келе жатқан 25 мамыр мерекесіне орай бітіруші сыныптарға ақша жинамау керектігі туралы маңызды ақпараттар жарияланды.


Қорытынды: 2021-2022 оқу жылында «Адал Ұрпақ» еріктілер мектеп клубының атқарылған жұмысы қанағаттанарлықтай атқарылды. «Адал ұрпақ» мүшелері кез-келген іс-шараға белсене қатысып, оқушылардың қызығушылығын арттыра білді. «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының барлық атқарылған жұмыстары мектеп сайтында, инстаграмда және мектеп фейсбугында жарияланып отырады.

Ұсыныс: 

  1. 2021-2022 оқу жылында атқарылмаған, өзекті тақырыптағы іс-шараларды келесі оқу жылының жоспарына қосу. 
  2. Келесі оқу жылында «Саналы ұрпақ» бірлесіп кездесулер ұйымдастыру.
  3. Дебат клубымен дөңгелек столдар өткізу
  4. Жасөспірімдердің отбасымен келіспеушілік түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.