25 желтоқсанда №49 ЖББ мектебінің Халықтың Әлеуметтік Осал Топтарына жататын оқушылары Түркісіб ауданы Әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған Жаңа жылдық "Ертегілер әлемінде" атты қойылымды тамашалап ,тәтті сыйлықтарын алып қайтты
20.12.2023ж № 49 ЖББМ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Біздің спортшылар — біздің мақтанышымыз!» атты мектебіміздің болашақ спортшыларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Кешімізге мектептің түлегі ,дәрежелі жаттықтырушы Жексенбаев Майдан Рысбекұлы және спортшылардың ата-аналары қонаққа шақырылды. Спортшылар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша аудандық кезеңі мектебімізде өткізілді.