"SCAFFOLD – өмір бойы қажет болатын құзыреттер" атты қалалық семинар/
Алматыда «SCAFFOLD – өмір бойы қажет болатын құзыреттер» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өтті 2025 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласындағы №49 жалпы білім беретін мектепте «SCAFFOLD – өмір бойы қажет болатын құзыреттер» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өтті. Бұл іс-шара мұғалімдердің кәсіби қауымдастығын нығайтуға, тәжірибе алмасуға және заманауи білім беру әдістемелерін дамытуға арналды. Семинарға қала мектептерінен педагогтер, директорлар мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлар қатысты.