Satbayev University өкілі №49 мектепте кәсіби бағдар беру кездесуін
№49 мектепте 10–11 сынып оқушыларына арналған маңызды әрі пайдалы кездесу өтті. Мектебімізге еліміздегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі — Satbayev University өкілі келіп, мектептің кәсіби бағдар беру маманымен бірге кәсіби бағдар беру әңгімесін жүргізді. Кездесу барысында оқушылар инженерлік және техникалық мамандықтардың заманауи бағыттары, оқу бағдарламалары, стажировкалар мен ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды. Спикер сұранысқа ие мамандықтар, оқу