АГПК колледжінің өкілдерімен кәсіби бағдар беру
Мектебімізде кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 9-сынып оқушылары Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжінің (АГПК) өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қонақтар оқу бағыттары, қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушыларға мамандықтар, тәжірибе, студенттік өмір және колледжде білім алудың артықшылықтары таныстырылды. Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.