03
ақпан
2026
«Құқық бұзушылықтың алдын алу және әлімжеттікке (буллингке) жол бермеу»
03.02.2026 жылы 5-10 қазақ сыныптары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу және әлімжеттікке (буллингке) жол бермеу» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібі:
1.«Құқық бұзушылықтың алдын алу және әлімжеттікке (буллингке) жол бермеу» тақырыбында мектеп инспекторы Сатылхан А.Д кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың статистикасын келтіріп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 442-баптары бойынша ата-ана жауапкершілігін түсіндірді. Әлімжеттік (буллинг) пен бопсалаудың заңдық салдарына тоқталып, кешкі сағат 23:00-ден кейін балалардың көшеде жүруіне тыйым салынатанын ескертті.
2.Әртүрлі мәселелер (Мектеп формасы, ішкі тәртіп, қауіпсіздік).
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
1.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар тарапынан балалардың кешкі (23:00-ден кейін) бос уақыты мен жүріс-тұрысына бақылау күшейтілсін.
2.Әлімжеттік (буллинг) белгілері анықталған жағдайда ата-аналар мектеп әкімшілігіне немесе сенім телефондарына (111, 150) дереу хабарлауға міндеттелсін.
3.Әлеуметтік желілердегі (WhatsApp, Instagram, т.б.) балалардың қатысуымен болатын кибербуллингтің алдын алу мақсатында ата-аналардың апталық мониторинг жүргізуі ұсынылсын.
4.Жиналыста таратылған жадынамалар мен заңдық нұсқаулықтар басшылыққа алынсын