11
ақпан
2026
“Инклюзивті сынып: мұғалімнің іс-әрекеті”/ «Деятельность педагога в условиях инклюзивного класса»
Бүгін мектебімізде ақпараттық түсіндіру жұмысы аясында «Заманауи сынып жағдайында инклюзивті білім беру ортасын құру» тақырыбында баяндама оқылды. Іс-шараның мақсаты – білім беру үдерісінде инклюзивті тәсілдерді тиімді енгізу, барлық білім алушыларға тең мүмкіндік жасау және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелерін түсіндіру болды.
Баяндама барысында инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары, қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру, оқытуды саралау, заманауи педагогикалық және цифрлық технологияларды қолдану жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, педагогтің кәсіби рөлі, оқушылардың әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамыту, ата-аналармен және мектеп мамандарымен бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара барысында “Инклюзивті сынып: мұғалімнің іс-әрекеті” тақырыбында чек-лист таратылып, педагогтер өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай жұмыстар білім беру сапасын арттыруға, инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға және әрбір оқушының жеке мүмкіндігін дамытуға бағытталған.