Педагогикалық кеңес / Педсовет
№5 педагогикалық кеңес жоғарыда аталған тақырыптар аясында өткізілді. Кеңес барысында №4 педкеңес шешімдерінің орындалуы қарастырылып, атқарылған жұмыстарға талдау жасалды. Сонымен қатар «Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланып, өскелең ұрпақтың ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы қазақ тілінің рөлі атап өтілді. Сынып жетекшілерінің тәрбиелік жұмысында құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдерді қолдану тәжірибесі қарастырылып, оқушыларды әлеуметтік жобаларға,