«Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы»
бағдарламасы аясында
22 наурыз –Наурыз мейрамы. «Салтым менің алтын қазынам»
Тақырыптық көрме.
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мектеп кітапханасында «Салтым – менің алтын қазынам» тақырыбында тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқушыларды қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру, рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрмеге қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, ұлттық мерекелері туралы кітаптар, энциклопедиялар және танымдық әдебиеттер қойылды. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің шығу тарихы, оның ерекшеліктері мен мән-маңызы туралы мәліметтер ұсынылды.
Оқушылар көрмемен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұлттық құндылықтар жайында пікір алмасты. Көрме мазмұнды әрі тағылымды өтіп, оқушылардың рухани дүниесін байытуға ықпал ету.