Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АФ СПбГУП өкілдерімен жоғары сынып оқушыларының кездесуі/Встреча старшеклассников с представителями АФ СПбГУП
16
қаңтар
2026

АФ СПбГУП өкілдерімен жоғары сынып оқушыларының кездесуі/Встреча старшеклассников с представителями АФ СПбГУП

АФ СПбГУП өкілдерімен жоғары сынып оқушыларының кездесуі

Біздің мектепте 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесуге Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақтар университетінің Алматы филиалының (АФ СПбГУП) өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қонақтар университеттің тарихы, білім беру бағыттары және оқудың артықшылықтары туралы кеңінен мәлімет берді. Сұранысқа ие мамандықтарға, оқуға түсу шарттарына, оқу формаларына және түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Университет өкілдері оқушыларды жоғары оқу орнының білім беру ортасымен, студенттік өмірдің ерекшеліктерімен, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық жобаларға қатысу мүмкіндіктерімен, сондай-ақ академиялық және кәсіби даму перспективаларымен таныстырды. Оқушылар қабылдау ережелері, қажетті құжаттар мен оқуға түсу мерзімдері туралы маңызды ақпарат алды.

Кездесу еркін диалог форматында өтті: оқушылар болашақ мамандықты таңдау, университетте оқу және мансаптық мүмкіндіктер туралы сұрақтар қойды. Мұндай кездесулер жоғары сынып оқушыларының болашақ білім беру бағытын саналы түрде таңдауына ықпал етеді.

Мектеп әкімшілігі Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақтар университетінің Алматы филиалының өкілдеріне мазмұнды әрі танымдық кездесу өткізгені және оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Алдағы уақытта ынтымақтастық жалғасады деп сенеміз.



Встреча старшеклассников с представителями АФ СПбГУП

В нашей школе состоялась профориентационная встреча для учащихся 10–11 классов с представителями Алматинского филиала Санкт-Петербургского Гуманитарного университета профсоюзов (АФ СПбГУП).

В ходе встречи гости подробно рассказали старшеклассникам об университете, его истории, направлениях подготовки и преимуществах обучения. Особое внимание было уделено востребованным специальностям, условиям поступления, формам обучения, а также возможностям дальнейшего трудоустройства выпускников.

Представители университета познакомили учащихся с образовательной средой вуза, особенностями студенческой жизни, участием в научных, творческих и общественных проектах, а также перспективами академического и профессионального роста. Школьники получили информацию о правилах приёма, необходимых документах и сроках поступления.

Встреча прошла в формате живого диалога: учащиеся активно задавали вопросы, касающиеся выбора будущей профессии, обучения в университете и карьерных перспектив. Подобное общение помогает старшеклассникам осознанно подойти к выбору дальнейшего образовательного маршрута.

Администрация школы выражает благодарность представителям Алматинского филиала СПбГУП за содержательную и познавательную встречу, а также за вклад в профориентационную работу с обучающимися. Надеемся на дальнейшее сотрудничество и проведение подобных мероприятий в будущем.