Алматы қаласы Білім басқармасының
"№49 жалпы білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 299-54-45
Бухгалтерия:
+7(727) 234-09-00
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық туризм және менеджмент колледжінің Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы өкілдері
28
қаңтар
2026

Халықаралық туризм және менеджмент колледжінің Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы өкілдері

Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Халықаралық туризм және менеджмент колледжінің Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы өкілдері 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – оқушыларды колледж мамандықтарымен таныстыру және 9-сыныптан кейінгі білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру. Колледж өкілдері туризм, менеджмент және қызмет көрсету салалары бойынша дайындық бағыттары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, өндірістік тәжірибе және болашақ жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайында кеңінен баяндады.

Сонымен қатар, талапкерлерге қойылатын талаптар, құжат тапсыру тәртібі және оқу орнының артықшылықтары түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Осындай кездесулер білім алушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және кәсіби бағытын айқындауға үлкен мүмкіндік береді.



В рамках профориентационной работы нашу школу посетили представители Колледжа международного туризма и менеджмента при Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана.

Встреча была организована для учащихся 9 классов с целью ознакомления со специальностями колледжа и возможностями поступления после окончания основной школы. Представители подробно рассказали о направлениях подготовки в сфере туризма, менеджмента и сервиса, особенностях учебного процесса, практике и перспективах трудоустройства.

Также девятиклассники получили информацию об условиях поступления и преимуществах обучения. В ходе встречи учащиеся активно задавали вопросы и проявили заинтересованность.

Подобные мероприятия помогают школьникам сделать осознанный выбор будущей профессии и определить дальнейший образовательный путь.