UIB университетімен кездесу: Болашаққа бағыт/Встреча с UIB: шаг в будущее
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында мектебімізге University of International Business (UIB) университетінің өкілдері келіп, 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – түлектерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және жоғары оқу орнына түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру. Университет өкілдері білім беру бағдарламалары, оқу бағыттары және оқу үдерісінің ерекшеліктері жайында жан-жақты мәлімет ұсынды.
Сондай-ақ талапкерлерге қабылдау ережелері, қажетті құжаттар тізімі, өтініш беру мерзімдері түсіндірілді. Оқушылар оқу гранттары, университеттің ішкі гранттары және оқу ақысындағы жеңілдіктер туралы маңызды ақпарат алды.
Кездесу барысында 11-сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Мұндай іс-шаралар түлектердің кәсіби бағдарын айқындауға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға үлкен мүмкіндік береді.
В рамках профориентационной работы нашу школу посетили представители University of International Business (UIB) и провели встречу с учащимися 11 классов.
Цель мероприятия — помочь выпускникам определиться с выбором будущей профессии и рассказать о возможностях поступления в высшее учебное заведение. Представители университета подробно ознакомили школьников с образовательными программами и направлениями подготовки.
Особое внимание было уделено вопросам поступления: условиям приема, срокам подачи документов, а также возможностям получения образовательных грантов и скидок на обучение.
В ходе встречи учащиеся получили ответы на интересующие их вопросы и узнали больше о перспективах обучения и дальнейшего трудоустройства. Подобные мероприятия способствуют осознанному выбору профессии и успешному планированию будущего.


