«Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс» 🇰🇿
9 мамыр – Жеңіс күніне орай мектебіміздің кітапханасында «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге соғыс жылдарындағы тарихи деректер, батырлардың ерлігі мен тағдыры баяндалған кітаптар қойылды. Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рух қалыптастырып, ел қорғаған ерлердің ерлігін мәңгі есте сақтау. Кітап арқылы тарихқа үңіліп, бейбіт өмірдің бағасын түсінуге жол ашылады. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Жеңіс – ұрпақтар жадында