Жас зерттеушілердің республикалық белесі
13 мамыр күні мектебіміздің мақтанышы, 10-сынып оқушылары Бримжанова Алтынай мен Дүйсенғали Аруна «Менің Қазақстаным: өткені, бүгіні, болашағы» атты ғылыми-тарихи жобалардың республикалық байқауында «Заманауи қоғамда ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау және насихаттау моделі» тақырыбындағы ғылыми жобаларын абыроймен қорғады. Жас зерттеушілер ұлттық мұраны ұлықтау бағытындағы тың идеялары мен терең ізденістерін көрсетіп, мектебіміздің мерейін арттырды.