Университет АТУ 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді/Университет АТУ провёл встречу с учащимися 11 классов
Бүгін мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен Алматинский технологический университет (АТУ) өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында мамандық таңдау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, университеттің білім беру бағдарламалары таныстырылды.
Оқушыларға дайындық бағыттары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, өндірістік тәжірибеден өту және түлектерді жұмысқа орналастыру туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сондай-ақ талапкерлерге қойылатын талаптар мен гранттық мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынылды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Мұндай іс-шаралар түлектердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және кәсіби бағдарын айқындауына үлкен көмегін тигізеді.
Сегодня для учащихся 11 классов нашей школы состоялась встреча с представителями Алматинский технологический университет (АТУ). В рамках мероприятия была проведена информационно-разъяснительная беседа по вопросам выбора будущей профессии и представлена презентация образовательных программ университета.
Школьникам рассказали о направлениях подготовки, особенностях обучения, возможностях академической мобильности, прохождения практики и перспективах трудоустройства выпускников. Особое внимание было уделено условиям поступления и грантовым возможностям.
В ходе встречи учащиеся получили ответы на интересующие их вопросы. Подобные мероприятия способствуют осознанному выбору профессии и помогают старшеклассникам сделать важный шаг к своему будущему.


