Тікелей сөйлеуден тосап қайнатамыз: орыс тілі сабағы дәмді өтті /
Тікелей сөйлеуден… тосап қайнатамыз! Үзіліс деген тек гаджеттер мен асханадағы тоқаштар ғана деп кім айтты? Бүгін мектебіміздің фойесі мен киіз үйі нағыз «әдеби ас үйге» айналды Біздің рецептіміздің сыры неде? Тікелей сөйлеу — шырынды, піскен жемістер. Автор сөзі — тәтті, қою шәрбат. Тыныс белгілері — құпия дәмдеуіштер (сызықша, қос нүкте, үтірлер), онсыз тосап шықпайды! Шығармашылықтың хош иісі бүкіл мектепке тарады! Киіз үйдің жайлы атмосферасында, кілемдер мен жастықтардың үстінде